Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Әскери спортшылар ММА чемпионы атанып, жүлдеге ие болды

2019 жылдың 18 қараша 2019 16:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әскери спортшылар ММА чемпионы атанып, жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Бахрейн әмірлігінде IMMAF и WMMAA бірлескен федерациясының қолдауымен ММА әлем чемпионаты аяқталды. ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық армия спорт клубының спортшылары Қазақстан Қарулы күштерінің қоржынына 1 алтын және 2 күміс медаль қосты.

Әлем чемпионатының біріншілігінде «алтынды» АОСК командасының әскери қоян-қолтық күрестен спортшы-нұсқаушы Талшын Жұматаева иеленді. Финалдық кездесуде 70,3 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзінің отандасы Айзат Әбдіқадырды жеңді.

Елімізге күміс медальдарды әскери спортшылар капитан Сағын Қазбек пен Тұрсын Аян әкелді.













Қоян-қолтық күрестен екі дүркін чемпион, халықаралық санаттағы спорт шебері капитан Сағын Қазбек 52,2 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша «алтынға» бақ сынар кезінде қарсыласы Бағдат Жұбанышевке есе жіберді. 47,6 келі салмақ дәрежеде АОСК спортшысы Аян Тұрсын финалдық кездесуде швед қарсыласына жол берді.

«Сынға түскен әскери спортшылар қоян-қолтық ұрыстан татами шеберлері болғандықтан, кимоносыз басқа форматта өнер көрсету оңай соққан жоқ. Бұған қарамастан біздің спортшылар финалға жетіп, жақсы нәтиже көрсетті. Байрақты бәсекеге әлемнің әр елінен 500-ден аса спортшы қатысты», - деп атап өтті қоян-қолтық ұрыс бойынша АОСК командасының бастығы Мұрат Бижанов.

Жоғары қарай