Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Әскерилер Маңғыстауға артиллерияны шоғырландыру себебін түсіндірді

2019 жылдың 15 қыркүйек 2019 14:15

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Әскерилер артиллерияны Маңғыстауға шоғырландыру себебін түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Маңғыстау облысында Зымыран әскерлері мен артиллерияның лагерь жиындары өтіп жатыр. Батыс бағыттағы – Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарының артиллериялық бөлімшелері далада бір ай бойы шабуылдау және қорғаныс әскери қимылдарын жүргізу дағдыларын жетілдірді. Жеке құрам жауынгерлік атыс жүргізіп, артиллериялық батареялардың тактикалық жаттығуларын пысықтады. Офицерлер атысты түзетудің кей тұстарын, күннің қай уағы, ауа райының қандай болуынан тыс нысананы жою, нысананы атысусыз жою тәсілдерін зерттеді. Артиллериялық атыстар «Град» реактивті жүйелерінен, «Гвоздика», «Акация» және «Тюльпан» өзі жүретін артиллериялық қондырғылардан, артиллериялық қару және минометтардан жүргізілді», - деп мәлімдеді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Рүстем Игісінов.




Оның айтуынша, оқу-жаттығулар кезінде артиллериялық бөлімшелер атыс позицияларында барлау және басқарушысыз ұшатын аппараттар бөлімшелерімен тығыз байланыс орната білді.

























Автор: А. Соколов


Басты сөздер: Әскер, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай