Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Әскерилер өрт шалған иесіз ғимараттан адамды құтқарды

2020 жылдың 8 сәуір 2020 20:49

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері көшелерді патрульдеу кезінде ер адамды өрттен құтқарып, іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында қосымша шектеу шаралары енгізілгеннен кейін «Шығыс» ӨҚ әскерилері және Ұлттық ұлан сарбаздары бірлесіп, қоғамдық орындарда тәртіпті қадағалауда.

«Патрульдеу барысында екі әскери қызметші – аға сержант Қуанышбек Айсаулин мен аға сержант Талғат Сайфуллин Чехов көшесінің бойындағы өрт шыққан иесіз ғимараттан бір адамды құтқарып, тілсіз жауды ауыздықтады. Кейін әскерилер оқиға орнына жәдел жәрдем шақырған», - делінген «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сондай-ақ Шәкәрім даңғылы мен Севастопольская көшесінің қиылысында аға сержант Аслан Шұжықбаев пен сержант Еркебұлан Оразтаев қосымша шектеу шараларын бұзған адамды ұстады. Әскери қызметкерлер оны бекініс пунктіне жеткізген. Анықталғандай, бұл азамат Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында іздеуге болған. Полиция басқармасының өкілдері «Шығыс» ӨҚ әскерилеріне қырағылықтары мен жедел әрекеттері үшін ризашылық білдірді.


Жоғары қарай