Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

«Astana LRT» автобус пен тепловоз соқтығысына қатысты түсінік берді

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 16:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Astana LRT» ЖШС-да №53 бағдардағы автобус пен тепловоз соқтығысуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 қаңтарда сағат 06:20 кезінде Жетіген көшесінде автобус пен тепловозға қатысты жол-көлік оқиғасы орын алды. «MAN» маркалы автобус №53 бағдардың соңғы аялдамасына қарай бағыт алған. Атап айтқанда, қоғамдық көлік сол уақытта өзінің бағдары бойынша жұмысына кіріспеген еді, яғни көлікте жолаушылар болмады. Көлік апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта жол полициясы тергеу амалдарын жүргізуде. Автобус жүргізушісінің мәліметінше, таңғы кезде жол дұрыс көрінбеген, сондай-ақ тепловоз машинисі тарапынан тиісті дыбыстық белгі болмаған. Алайда бұл мәселе бойынша қосымша тексеру шараларын жүргізу қажеттігі бар. Сонымен қатар, автобус жүргізушісі теміржол алдындағы «STOP» белгісі тұсында тоқтағанын алға тартуда», - деді «Astana LRT» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сеитов.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта жүргізушілерге қатысты қосымша нұсқамалар жүргізілді. Бұдан бөлек, теміржолдардағы өткелдеріндегі қауіпсіздік бойынша тиісті жұмыстар атқарылмақ. «Жүргізуші 36 жаста, автобус паркіндегі жұмыс өтілі 5 жыл», -деп нақтылады «Astana LRT» ЖШС өкілі.

Айта кетейік, бүгінде аталған оқиға бойынша ҚТЖ тарапынан да тиісті тексеру жүріп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада теміржолды қиып өтіп бара жатқан №53 бағдардағы автобус пен тепловоз соқтығысты.



Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай