Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

«Astana Marathon 2019» жарысына бірқатар мемлекеттен 5000 қатысушы тіркелді

2019 жылдың 2 қыркүйек 2019 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Astana Marathon 2019» жарысына әртүрлі мемлекеттен 5000 қатысушы тіркелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Marathon 2019» қайырымдылық марафоны өтеді. Жарыс 42,2 шақырым және 10 шақырым қашықтыққа ұйымдастырылады.

Марафонға жасы 18-ден (42,2 шақырым) және 16-дан (10 шақырым) асқан кез келген адам қатыса алады.

Жарысқа қатысу үшін Astana Marathon – www.astana42k.com сайтында онлайн тіркеліп, 4000 (10 шақырым) немесе 8000 (42,2 шақырым) теңге көлемінде жарна төлеу керек.

Өтінім қабылдаудың соңғы күні 42.2 шақырым үшін – 1 қыркүйек, ал 10 шақырым үшін – 5 қыркүйек (23:59 ч.). 10 шақырым қашықтық үшін тіркелу және желаяқтар пакетін тапсыру Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 46 (Hilton Hotel Astana) мекенжайы бойынша 6-7 қыркүйек күні Astana Marathon EXPO 2019 спорт көрмесі кезінде өтеді.

Бүгінгі күні жарысқа қатысушы ретінде Қазақстан мен 25 алыс және жақын шетелден 5000 адам тіркелді. Бес элиталы атлет 02:13:00 дейін Astana Marathon тасжолының нәтижесін жаңартуды жоспарлап отыр.


Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай