Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Астана мен 4 өңірде жолдар жабылды

2019 жылдың 4 наурыз 2019 18:45 791

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақавтожол» ЖШС елімізде қандай жолдар жабық екенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы:

4 наурызда сағат 17:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық бағыт бойынша ауыр және қоғамдық көліктер қозғалысына шектеу қойылды.

Астана қаласы

4 наурызда сағат 11:40-тан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран) «Астана-Киевка» жолының участогында («Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» жолының 42-51 шақырымы) барлық көлік түрі бойынша жол жабылды.

Ақтөбе облысы

4 наурызда сағат 11:40-тан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран) «Ақтөбе-Астрахан» (175-330 шақырымына, Шұбарқұдықтан бастап Атырауға дейін); «Ақтөбе-Орынбор (24-99 шақырымы, Хлебодоровктан РФ шекарасына дейін); «Белогорка-Қарабұтақ» (773-965 шақырымы, Белогорка кентінен Қарабұтаққа дейін); «Қобда-Орал» (526-615 шақырым, Қобдадан БҚО шекарасына дейін) жолдарының участоктарында жолдар жабылды.

Қостанай облысы

4 наурызда сағат 18.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Денисовка-Жітіқара-РФ шекарасы» республикалық тас жолының участогында (82-174 шақырымы, Жітіқара-РФ шекарасы) жол жабылды.

Батыс Қазақстан облысы

4 наурызда сағат 17:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Самар-Шымкент» республикалық тас жолының участогында (394-526 шақырымы, Жымпиты кенті - Ақтөбе облысының шекарасы) жол жабылды.

Ал БҚО Көлік құралы және автокөлік жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес, қар тазалау жұмыстарына байланысты облыстық маңыздағы келесі жолдар жабылған: 1 наурыздан бастап «Ақсай-Жымпиты» (40-159 шақырымы), «Федоровка-Ақсай» (0-82 шақырымы), «Тасқала-Аққурай-Болашақ» (0-157 шақырымы), «Ақсай-Шыңғырлау» (0-86 шақырымы), «Анката-Сарыөмір» (0-64 шақырымы). 4 наурыз сағат 09:00-ден бастап «Орал-Тасқала-РФ шекарасының 31-104 шақырымдық участогы, сағат 10:30-дан бастап «Шыңғырлау-Лубенка-Сегізсай» жолының 0-104 шақырымы, «Барбастау-Ақжайық-Индер» жолының 0-108 шақырымы, «Жымпиты-Қаратөбе» жолының 0-103 шақырымы жабық.

 

 

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Ауа райы, Қоғам,
Жоғары қарай