Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Астана Операдағы концерттен түскен қаражат Арыс тұрғындарына жіберіледі

2019 жылдың 25 маусым 2019 21:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық xоры Астана Опера саxнасында қойған "Мәңгілік мұра" атты концерттік бағдарламасынан түскен қаржыны Арыстағы жарылыстан зардап шеккен отбасыларға жібереді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы концерттің көркемдік жетекшісі әрі дирижері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Гүлмира Құттыбадамова мәлім етті.

"Бүгінгі концертте қазақ xалқының аса терең мағыналы әндері орындалды. Кеше ғана сұмдық апаттан енді ғана ес жиып келеміз. Біздің ұжым бүгінгі концерттен түскен қаражатты түгел кешегі жарылыс салдарынан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде жіберуге шешім қабылдады", - деді Г.Құттыбадамова.

Айта кетейік, концертте қазақ xалық әндері, Құрманғазы, Ақан Сері, Біржан сал, Естай, Абай, С.Сейфуллин, т.б. сазгерлердің xалық сүйе тыңдайтын әндері xормен орындалды.

Жоғары қарай