Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Астана су арнасының кәрізден уланған тағы бір қызметкері ауруханада

2019 жылдың 23 мамыр 2019 20:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана Су Арнасының» уланып, ауруханаға жеткізілген қызметкерінің жағдайы белгілі болды. Еске сала кетейік, мекеме қызметкерлерінің төртеуі өндірістегі оқыс оқиғадан қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Науқасты жедел жәрдем №1 қалалық ауруханаға жеткізген. Жағдайы тұрақты, есін біледі. Басы ауыратынын айтады, жөтеледі. Аурухананың токсикология бөліміне жатқызылды. Диагнозы: «күкіртті сутектен улану» (метан). Ауырлық деңгейі орташа. Өндірісте оқыс оқиға болған», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Бұған дейін «Астана су арнасының» алты қызметкері метан газынан уланып, төртеуі қаза тапқанын хабарлаған едік.

«Жұмысшылардың бірінің мазасы кетіп, есінен танып цилиндрдің ішіне құлап түсті. Екіншісі оған көмектесемін деп техбаспалдақпен төмен түсіп, ол да есінен танып қалды. Артынан үшіншісі, кейін тағы біреуі түскен», - деген еді ТЖК төрағасы Владимир Беккер.

Әкімдіктің хабарына қарағанда, қаза тапқандар 1988, 1993, 1995, 1967 жылдары туған жұмысшылар.

«6 адам жұмыс істеген, соның 4-еуі қаза тапқан. Жігіттердің бірінің артынан бірі құлағанын көрген жүргізуші де оларға көмектесемін деп, өзі де қаза тапты», - дейді Э. Жүргенбаева.

Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай