Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Астана такси жүргізуші әйелдер саны жағынан көш бастап тұр

2019 жылдың 22 наурыз 2019 19:41

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда такси жүргізуші әйелдер саны жағынан Астана ТОП-10-дың көшін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат inDriver жолаушыларды тасымалдау халықаралық қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық такси жүргізушісі күні қарсаңында аталған ұйым Қазақстанда зерттеу жүргізді. Зерттеу жұмысына еліміздегі inDriver сервисі бар 28 қала қатысты.

«Егер такси қызметін пайдаланушы жолаушыларды алғанда әйелдер мен ер адамдар көрсеткіші теңдей түссе, такси жүргізуші ретіндегі әйелдердің пайызы жыл санап артып келеді. Бұл саладағы қызметтің әрбір 20-сыншы тапсырысын әйел таксистер орындайды. Біздің зерттеуімізге сәйкес Қазақстандағы таксист әйелдер рейтингін 4,8% көрсеткішпен Астана қаласы бастады, - делінген хабарламада.

Қазақстандағы таксист әйелдер санының көрсеткіші бойынша ТОП-10 қала рейтингі:

1. Астана - 4,80%

2. Қарағанды - 4,75%

3. Павлодар - 4,25%

4. Қостанай - 4,20%

5. Көкшетау - 4,17%

6. Екібастұз - 3,93%

7. Теміртау - 3,93%

8. Орал - 3,41%

9. Ақтөбе - 3,15%

10. Алматы - 3,08%

Айта кетсек, 22 наурыз халықаралық такси жүргізушілері күні. Бұл мереке алғаш рет 1907 жылы Лондонда аталып өтті.

Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам, Көлік,
Жоғары қарай