Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

«Астана» университетінің лицензиясы тоқтатылуы мүмкін

2019 жылдың 22 тамыз 2019 16:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі «Астана» университетінде бірқатар бұзушылықты анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарын тексеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. «Астана» университетіндегі жоспардан тыс тексеру нәтижесінде аталған білім беру ұйымында қолданыстағы талаптарға сәйкес келмеген мәселелер анықталды. Университетке қабылдау ережелері, студенттерді ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі, емтихан өткізу және емтихан сессиясының қорытындысы бойынша құжаттар жүргізу тәртібі бұзылған. Сонымен қатар, аралық бақылау жүргізу кезінде Академиялық саясат сақталмаған», - делінген ресми жазбада.

Министрлік аталмыш университетке анықталған кемшіліктерді жою үшін 1 қыркүйекке дейін мүмкіндік беріп отыр.

«Тексеру әтижесінде, айыппұл салу және білім беру қызметіне лицензияның қолданылуын тоқтату туралы қаулы шығарылды. Бүгінгі таңда қаулы заңды күшіне енген жоқ. Университетке 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін анықталған барлық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқама орындалмаған жағдайда іс сотқа жіберіледі. Тоқтату туралы қаулының шығуы универистеттің білім беру лицензиясы алынды деген сөз емес. Белгіленген мерзімге дейін кемшіліктер жойылса, тоқтау туралы қаулы күшін жояды», - дейді ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан.

Еске салсақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспардан тыс тексеруінен кейін Шымкент қаласының аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде үш іс қозғалған болатын.

Жоғары қарай