Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Астанада 4 темір-терсек қабылдайтын орын жабылды

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 09:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полициясы 4 темір-терсек қабылдайтын орынды жауып, 5 тонна заңсыз жиналған металды тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Түрлі түсті метал» жедел-сауықтыру арнайы іс-шарасы қара және түсті металл ұрлығының алдын алуға бағытталған, сондай-ақ темір-терсек қабылдайтын орындар тексеріледі. Қалада осындай 60 орын тексеріліп, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан 4 орын, 5 тонна қара және түрлі түсті металл тәркіленді», делінген хабарламада.

Ойжайлау көшесіндегі металл сынықтарын қабылдайтын орынды тексеру кезінде, полиция автомобиль аккумляторларын, көліктің темір дискілерін, құрылыс саймандарын, велосипед және тағы басқа да көптеген мүліктерді тәркіледі. Осы мүліктер бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Тексеру нәтижесімен түрлі құқықбұзушылық бойынша 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 металл сынықтарын қабылдау орнының иесіне Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 463-бабымен әкімшілік өндіріс қозғалды.

Қазіргі уақытта іс-шара жалғасуда, заңсыз темір-терсек қабылдау қызметін анықтау және тоқтату үшін шаралар қолға алынуда.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай