Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Астанада адам көп тіркелген «резеңке» пәтерлер мәселесі шешіледі

2019 жылдың 2 наурыз 2019 17:50 1400

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көшін-қон туралы жоба алдағы 6 наурыз күні Мәслихат сессиясы отырысында талқыға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. 

«Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде Елбасы жариялаған тапсырмалар мен бастамалар Астанамыздың әлеуметтік-саяси дамуына серпін беріп, маңызды жобаларды іске асыруға жаңа қарқынды мүмкіндік жасайды. Осы күнге дейін біз көмекке зәру 3 мыңнан астам азаматты қабылдадық. Көтерілген мәселелерді жүйелеп, елордамыздың әлеуметтік картасын жасақтадық», - дейді елорда әкімі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылы әлеуметтік салаға 150 млрд теңге бөлінді. Бұл бюджет көлемінің 35% құрайды. Одан бөлек, жергілікті бюджет есебінен мұқтаж азаматтарды қолдау үшін қосымша 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу көзделіп отыр.

«Тағы бір маңызды мәселе - адам көп тіркелген пәтерлер немесе орысша айтқанда «резеңке» үй проблемасы. Біз мемлекеттік тұрғын үй қорының пәтерлерінде бір адамға шаққанда 15 шаршы метрден есептеп, азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін шектеуді көздейтін, көші-қон процестерін реттейтін жаңа жоба әзірледік. Бұл шектеулер мәслихат сессиясына осы жылдың 6 наурызында енгізіледі», - деді ол.

Қала басшысының мәліметінше, осы жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй салу бағыты бойынша 900 пәтерді пайдалануға беру жоспары тұр. Сонымен қатар, қала бюджетінен 2 мың тұрғын үй сертификатын беру үшін 2 млрд теңге қарастырылды. Және де «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 731 пәтер жалға беріледі. 

 

 

Жоғары қарай