Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Астанада атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 2,2 есе артады

2019 жылдың 12 наурыз 2019 20:00

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 сәуірден бастап шамамен 2,5 мың астаналық отбасы осындай көмекпен қамтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында белгілі болғандай, Астанада атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылар саны едәуір артады.

«Елордада 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2,2 есеге артып, 2500 отбасыны құрайды. Отбасы құрамы - орта есеппен төрт-бес адам», - деп хабарлады ведомстводан.

АӘК алушылардың негізгі бөлігін толық емес және көпбалалы отбасылар құрайды. АӘК алушылар жұмыспен қамту орталығына (Бейбітшілік көшесі, 25) барып немесе мына байланыс телефондары арқылы хабарласа алады: Алматы ауданы, тел: 72 93 57, Сарыарқа ауданы, тел: 72 93 31, Байқоңыр ауданы, тел: 72 93 38, Есіл ауданы, тел: 72 83 38.

Жоғары қарай