Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Астанада екінші индустриялық парк салынады

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 07:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада екінші индустриялық парк салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов кәсіпкерлермен кездесті. Жиында елорда басшысы бизнес саласындағы түйткілді мәселелерді тыңдап, шешу жолдарын ұсынды.

«Атамекен» НҚА негізінде біз бүгін сіздермен алғаш рет кездесіп отырмыз. Біздің елде, сондай-ақ елордада шағын және орта бизнес жақсы дамып келеді, құрылымда жалпы өңірлік өнім (ЖІӨ) 58,8%-ды құрайды. Бұл жақсы көрсеткіш.Негізі мұндай кездесулер бізге салада қандай қиындықтар бар екенін білуге мүмкіндік береді», - деді әкім.

Оның айтуынша, ЖІӨ құрылымында 2024-2025 жылға қарай 40% көрсеткішке қол жеткізу міндеті қойылған. Бірақ елорда бұл көрсеткішті бағындырып үлгерген.

Әкім екінші индустриялық парктің құрылысы туралы хабарлады. Оның құрылысына 400 га астам жер бөлінді.

«Биыл біз барлық дайындық жұмысын, жобалау-сметалық құжаттаманы жасаймыз, ал келесі жылдан бастап инженерлік желілерді кезең-кезеңімен жүргіземіз. Сондықтан біз ұсыныстар күтеміз», - деді Алтай Көлгінов.

Кездесуде қала әкімі алыпсатарлықты сынады. Өйткені кейбір субъектілер оны қымбатырақ сату үшін арнайы учаскелерді игермейді.

Жоғары қарай