Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Астанада мидағы ісікті алып тастау бойынша күрделі операция жасалды

2019 жылдың 29 наурыз 2019 22:12 1089

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында мидағы ісікті алып тастау бойынша күрделі операция жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім еткендей, ота Ақтөбе қаласының 38 жастағы тұрғынына жасалған. Науқас Ұлттық нейрохирургия орталығының орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесіне жүгінген. Орталыққа жатқызылу кезінде ер адамның басы қатты ауырып, айналған, есте сақтау қабілеті бұзылып, жалпы  әлсіздік жағдайында болған. Тексеруден кейін оған операциялық емдеу ұсынылды.  

Нәтижесінде дәрігерлер мидағы ісікті алып тастау бойынша бірегей операция жасады.



null «Сондай-ақ, операция кезінде нейронавигация қолданылды, ол ісіктің шегі мен орналасуын анықтайды, себебі ісік пен мидың шекарасы әрқашан анық бола бермейді.  Операция сәтті өтті. Пациент өзін жайлы сезінуде және жақын арада шығарылуға дайындалуда. Операцияны 20 жылдан астам практикалық тәжірибесі бар, өз саласының мамандары жасады, атап айтсақ: нейрохирург дәрігер, Орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты - Нұржан Әмірбекұлы Рыскелдиев және нейрохирург дәрігер Мұратбек Әбдіғалиұлы Тілеубергенов. 

Ұлттық нейрохирургия орталығында күн сайын күрделілік деңгейі әртүрлі 20-25 операция жасалады.

«Шындығында, бұл операциялардың барлығы бірегей және біз отандық медицинадағы серпінді іс-қимылды мақтан тұтуымыз қажет, себебі енді бізге көршілес елдерден ем алуға келуде», - деді ведомстводан.    

 

 

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Медицина,
Жоғары қарай