Ауа райы
Нұр-Сұлтан 25 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Астанада Organic Nauryz Festival эко-өнімдер фестивалі басталды

2019 жылдың 2 наурыз 2019 15:51 1217

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы сауда орталықтарының бірінде Organic Nauryz Festival эко-өнімдер фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бұл - біздің екінші рет өткізіп отырған фестиваліміз. Оған органикалық, табиғи, экологиялық таза өнім шығаратын және сататын компаниялар қатысады. Бұл жолы да қазақстандық өндірушілердің өнімдері келуішілердің назарына ұсынылып отыр. Біздің негізгі мақсатымыз - халықтың басым бөлігіне экологиялық өнімдерді таныстыру», - деді фестивальді ұйымдастырушылардың бірі Самина Арғынғазина БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.


null 

Қонақтарға ыңғайлы болуы үшiн көрме аумағы ЕСО терминiне сай келетiн 7 алаңға бөлiнген: EСО-тамақтану, ЕСО-үй, ЕСО-сұлулық, ЕСО-сан, ЕСО-спорт, ЕСО-бала және Made in KZ аймағы.


null 

Фестиваль аясында әлем халықтары биінің солисі Анель Марабаева,  Almaty Marathon race директоры Салтанат Қазыбаева сынды спикерлер салауатты өмір салтын, эко-мәдениетті, спорт және дұрыс тамақтану салаларын насихаттау мақсатында сөз сөйлейді деп күтілуде.


null 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға қатысушылардың қатары жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, алғашқы фестивальге  органикалық өнім өндіретін 45 компания қатысса, ал бұл жолы олардың қатары 80-нен асып отыр.



null 

null 

null 

null 

null 

 

Жоғары қарай