Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Астанада өтетін Еуразия парламент басшыларының отырысына Жапония шақырылды

2019 жылдың 6 наурыз 2019 23:24

ТОКИО. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев ресми түрде Жапония парламенті өкілдер палатасының спикері Тадамори Осиманы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-ші отырысына қатысуға шақырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Т. Осима өз алғысын білдіре келе, жапон тарапы Астанадағы парламенттік форумға қатысу мүмкіндіктерін мұқият қарастыратынын жеткізді. Жапон саясаткері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылдың қарашасында Токиоға жасаған ресми сапары аясында Жапония парламентінде сөйлеген сөзін жылы еске алды (Н. Назарбаев - посткеңестік елдер арасында Жапония парламентінің екі палатасының депутаттарының алдында сөз сөйлеген бірден-бір көшбасшы).

Өз кезегінде Елші Ерлан Баударбек-Қожатаев Президент Н.Назарбаев пен Премьер-министр Синдзо Абэ Қазақстан мен Жапония арасындағы «кеңейтілген стратегиялық әріптестікті» орнату туралы декларацияға қол қойған сол сапардың тарихи маңыздылығын атап көрсетті.

Елші жапон саясаткерін Қазақстандағы саяси және экономикалық ахуалмен таныстырып, «Nur Otan» партиясының биыл 27 ақпанда өткен XVIII съезінің қорытындылары туралы айтты.

Еске сала кетейік, Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Әріптестік» тақырыбындағы 4-ші отырысы Астанада 2019 жылдың 23-24 қыркүйек күндері өтеді. Бұған 80-нен астам елдің парламентінің өкілдері, сондай-ақ 16 халықаралық парламенттік ұйымның делегаттары қатысады деп күтілуде.

Авторы: Садық Акижанов

Жоғары қарай