Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Астанада жабық футбол манежі ашылады

2019 жылдың 13 наурыз 2019 21:54 714

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз айының соңында елордада жабық футбол манежі ашылады. Онда екі  шағын футбол алаңы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Футбол манежі Есіл ауданындағы Е10 және Е-29 ( «Құлагер» ТК, Талдыкөл жағалауына жақын) көшелерінің қиылысында орналасқан. Нысанның ресми ашылуы наурыз айының соңына жоспарланып отыр.

«Алаң 10 жастағы балаларға, жастарға және футболмен айналысатын ересектерге арналған. Манеж аумағында екі шағын футбол алаңы және жуынатын бөлме, киім ауыстыратын бөлме және әкімшілік кеңсесі орналасқан. Алаңдарды жалға алуға болады», -  делінген «СПК Astana» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

 

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт, Құрылыс,
Жоғары қарай