Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 01:51

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қаңтарда Астана қаласындағы «Нұр әлем» павильонында («EXPO-2017» көрме кешені) «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Мемлекет басшысы, Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметкерлер және т.б. қатысады деп күтілуде.

Осылайша, елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыру бастау алатын болады.
Іс-шара барысында жастар жүзеге асырған табысты жобалар мен жаңа өнімдердер таныстырылады.

Спикерлер ретінде әр түрлі салалардағы жетістіктерге жеткен жас қазақстандықтар баяндама жасайды. Мәселен, танымал кәсіпкерлер, стартаптар, еріктілер, ауыл шаруашылығы, ғылым және әдебиет саласындағы мамандар сөз сөйлейді деп күтілуде.
Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

Жоғары қарай