Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Астанада жылумен қамту бойынша қарыз 460 млн теңгеге жетті

2019 жылдың 25 қыркүйек 2019 13:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жылумен қамту бойынша қарыз мөлшері 460 млн теңгені құрап отыр. Қарыз көлемі жайлы тілшілерге «Астана-Теплотранзит» АҚ басшысының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Руслан Аралбай айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде басты тұтынушы – өздеріңіз білетіндей, «Астанаэнергосбыт» ЖШС. Біз бүкіл өнімді оған бергеннен кейін компания қаланың барлық тұтынушыларына жылу таратады. «Астанаэнергосбыт» ЖШС мен «Астана-Теплотранзит» АҚ арасындағы іскерлік қарым-қатынас жолға қойылған. Әрине, бір-екі ай көлемінде олар қаражатты төлеу жағын кешіктіретіні бар. Бірақ, жалпы олармен іскерлік қатынаста жұмысты тәртіпке келтіруге тырысамыз. Яғни, біз оларға жылудың барлық көлемін береміз – олар тұтынушылардың ақшасын жинап, бізге береді. Қазіргі уақытта шамамен 460 млн теңге қарызы бар. Яғни, бұл – «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның бізге қарызы. Ал олардың тұтынушылардан ақшаны қалай жинайтыны – өз шаруасы», - деді тілшілерге арналған баспасөз турында Руслан Аралбай.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Астана-Теплотранзит» АҚ басшысының құрылыс жөніндегі орынбасары Құрманғазы Нұғыманов Астананың жылу магистральдарын жаңғырту жұмыстары 1 қазанда аяқталатынын мәлім еткен еді.

Жоғары қарай