Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Астанадағы ағайынды екі баланың өлімі ерекше бақылауға алынды

2019 жылдың 6 наурыз 2019 19:16

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов ағайынды екі баланың көз жұму оқиғасына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде аталған фактілер бойынша департамент мамандарының және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен №2 қалалық балалар ауруханасы мен №3 көп бейінді қалалық ауруханасында тексеріс жүргізілуде», - дейді С. Байғабылов.

Оның айтуынша, кешенді тексерістер барысында материалдар қаралып, көз жұмған балаларды емдеудің бүкіл тактикасы талданады. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің жұмысының сапасы, көрсетілген медициналық көмектің толықтығы, тәртіптің сақталу жағдайы анықталады.

Департамент басшысы одан әрі материалдар заң аясында тиісті шараларды қолдану үшін тергеу органдарына берілетінін жеткізді.

Осы жағдай Астана қаласының Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің ерекше бақылауына алынды.

Басты сөздер: Оқиға, Медицина, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай