Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Астанадағы түтін мәселесін қалай шешуге болады

2017 жылдың 6 желтоқсан 2017 16:52 8839

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елордадағы түтін мәселесін шешу жолдарын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Экология басқармасының мәліметінше, ластанудың 50 пайызы көліктерден және олардың тым көптігінен, жанармай сапасының  нашарлығынан болады. Сол себепті біз әр сегмент бойынша алгоритмдер құрастырдық. Екі жыл ішінде ЖЭС-терге қосымша құрылғылар орнату керек», - деді Исекешев индустрияландыру күні  қарсаңындағы жалпыұлттық телекөпір барысында.

Қала басшысы көмір мен жағармайдың сапасына талаптар қойылуы мүмкін екенін айтты.

«Көлік бойынша тапсырма күрделірек. Біріншіден, дизельді отын сапасына бақылауды күшейту керек. Екіншіден, бірінші кезеңде коммуналдық техникаларды газға ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Біз бұл мәселені екі-үш жыл ішінде шешу керек екенін жақсы түсінеміз», - деді ол. 

 

 

Жоғары қарай