Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Астанадағы жарылыс: Үш адамның жағдайы белгілі болды

2019 жылдың 15 наурыз 2019 19:31

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы жарылыс салдарынан зардап шеккен үшінші адам Травматология және ортапедия ғылыми-зерттеу институтына жеткілді. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жарылыс салдарынан зардап шеккен 1991 және 1970 жылғы дүниеге келген екі адам 2-3 деңгейлі күйікпен №1 қалалық аурухананың қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды. 1979 жылы дүниеге келген тағы бір зардап шегуші Травматология және ортапедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді. Диагнозы анықталу үстінде. Барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Оқиға орнында жедел жәрдемнің 2 бригасы кезекшілік атқаруда», - деді ол.

Бұған дейін, хабарлағанымыздай, Астанада екі қабатты ғимаратта газ баллоны жарылды.

«15 наурыз күні сағат 17:06 кезінде Астана ТЖ департаменті пультіне Алаш тас жолы бойындағы «МолПродуктсервис» ЖШС-нің екі қабатты ғимаратында газ баллонының жарылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Сағат 17:14 шамасында өрт сөндірушілер жеткен уақытта бірінші және екінші қабат арасындағы төбе бөлігі опырылып түскендігі анықталды», - делінген ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет таратқан мәліметте.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай