Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Астанадан шығатын барлық жол жабылды

2019 жылдың 3 наурыз 2019 21:13 1229

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадан шығатын бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Телеграмдағы Smart Astana парақшасына сілтеме жасап.

3 наурызда сағат 19:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) «Астана-Қарағанды» тасжолында барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.

3 наурызда сағат 19:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) «Астана-Көкшетау» тасжолында барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.

3 наурызда сағат 20:00-де боран соғуына және көктайғаққа байланысты «Астана-Қостанай», «Астана-Павлодар» бағытындағы жолда қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысы шектелді.

«Астана-Қарағанды» бағытындағы жолдың жабылуына байланысты қаламаңындағы ауылдарға қатынайтын № 313, 315, 316, 318 автобус бағдарлары тоқтатылды.

Автобустардың жүруіне қатысты ақпарат қосымша хабарланады. Мәліметтерді Астана LRT компаниясының Фейсбуктегі және Инстаграмдағы парақшасынан, alrt.kz сайтынан білуге болады.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Көлік,
Жоғары қарай