Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Астаналық білім басқармасы оқушылардың улануы туралы: Газ баллонын оқушыға ата-анасы берген

2019 жылдың 5 қыркүйек 2019 20:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы №54 орта мектептегі газдан улану оқиғасына түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бесінші сыныпта оқитын қыз бала ата-анасы берген газ баллонын мектепке алып келген. Үзілісте баллон сөмкеден түсіп қалған және оны сыныптасы байқаусызда басып кеткен. Соның салдарынан газ сынып ішіне таралды», - делінген білім басқармасының хабарламасында.

Мектеп қызметкерлері жедел жәрдем қызметін шақырып, балалар ауруханаға жеткізілген. Олар медициналық тексеруден өткенде, сынып жетекшісі қасында болған.

Жағдай жақсарған соң, балаларды ата-аналар ауруханадан алып кетті.

«Балалар амбулаториялық ем алуды жалғастырады. Оқиғадан кейін мектепте қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы сынып сағаты ұйымдастырылады. Ата-аналарға да тиісті ұсынымдар беріледі», - дейді басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, астаналық №54 орта мектептің 9 оқушысы газдан уланып, ауруханаға түсті. Олардан жөтел, бас айналу, көзден жас ағу, әлсіздік белгілері байқалған.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай