Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.16
EUR 406.18
RUB 5.90
CNY 53.60

Астаналық домбырашы балалар Дубайдан жүлдемен оралды

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 23:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен «DUBAI EAST VISION» халықаралық байқауында ел намысын қорғаған астаналық жас өнерпаздар 1-орынға ие болды. Елордалық домбырашы балалардың жетістігі туралы топ жетекшісі Әлия Ахметова ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

«Dubai EAST ViSION» халықаралық байқауы 8-14 қантар күндері өтті. Бірнеше номинация бойынша өткен байқауға Нұр-Сұлтан қаласынан Оқушылар сарайының өнерпаздары 2 топта қатысты. Біріншісі - кіші топ. Олар қазақ ұлт аспаптар ансамблі, яғни домбыра, қобыз, шаңқобыз және жетіген аспаптарында өнер көрсетті. Ал екіншісі - орта топ таза домбырашылардан құралған. Байқауға жалпы саны 17 бала қатысты. Екі топта өз номинациясы бойынша 1-орынға ие болды», - деді Әлия Ахметова.

Оның айтуынша, айтулы бәсекеде біздің елден бөлек Ресей, Кувейт, Саха Республиасы, Украина және Испания елінің жас өнерпаздары бақ сынаған. Және халықаралық байқау аспап, вокал, хореография, сурет салу және театр номинациялары бойынша өтті.





«Байқауда екі топ бірнеше ұлттық шығармамызды көпшілікке тарту етті. Атап айтар болсақ, «Қара жорға», халық күйлері «Тепеңкөк», «Секіртпе» және бірнеше халық күйлерінен құралған попурри «Күй шашуды» орындады. Балалардың ең жасы - 8-де, ал ең үлкені - 12-13 жаста. Тағы бір айта кетерлігі - кіші топтағы балалар үлкен сахнаға бірінші рет шықты. Себебі олар аспаптар үйірмесіне таяуда ғана жазылған. Бұған дейін тек қалалық сахналарға шығып жүрді, соған қарамастан байқауда өздерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Шынын айтсақ, біз үшін 1-орыннан гөрі ұлттық аспабымыздың әлем сахнасында естілуі маңызды. Бастысы - қалың көрермен бүлдіршіндеріміздің өнеріне разы болды. Әсіресе біздің ұлттық киімдерімізге қызығушылық танытып, балалармен суретке түсушілер көп болды», - дейді ол.













Жоғары қарай