Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Астаналық оқушылар Кореядағы интеллектуалдық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

2019 жылдың 7 наурыз 2019 23:57 1262

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мектептерінің оқушылары Кореяда өткен интеллектуалдық олимпиадада барлық 21 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тэджон қаласында өткен халықаралық олимпиадаға елорданың әртүрлі мектептерінен 21 оқушы қатысты. Олар математика, биология, химия, экономика пәндері бойынша өз жұмыстарын таныстырды.

«Барлық оқушылар жұмыстарын ағылшын тілінде таныстырды. Біздің талантты балаларымыз осымен бесінші жыл Тэджон қаласында өнер көрсетуде», - деді «Астана Дарыны» ғылыми-практикалық орталығының директоры Майра Құрманбаева.

Қатысушылардың айтуынша, осындай олимпиадалар өз жобаларын өзге елге таныстырып, сонымен қатар шетел тілдерін үйрену үшін жақсы мүмкіндік береді.

«Мен еліміздің тарихы туралы жобаны көрсеттім. Осылайша, басқа елдерді біздің тарихымызбен, мәдениетімізбен таныстырамыз», - деді олимпиада қатысушыларының бірі.

Жарыс қорытындысы бойынша  елордалық балалар 3 алтын, 9 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.

 

 

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім,
Жоғары қарай