Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Астананы газдандыру қаланың шеткі аудандарынан басталады

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 18:16

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананы газдандыру қаланың шеткі аудандарынан басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жобаға сай бірінші кезекте көгілдір отынмен қалалық ЖЭО, Көктал-1, Көктал-2, Теміржол тұрғын алаптары мен Оңтүстік-шығыс ауданы қамтылады.

Қалалық Отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, Астананы газдандыру жобасы 3 кезектен тұрады. Бірінші кезек аясында газ АГТС-1-ден ЖЭО-1 және ЖЭО-3-ке, АГТС-2-ден ЖЭО-2-ге, газ таратушы желілерден Көктал-1, Көктал-2, Теміржол тұрғын алаптарына және Оңтүстік-шығыс ауданына таратылады.

Жобаның екінші кезеңі отынды газ таратушы желілерден Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар, Тельман, Пригородный, Garden Village, Family Village тұрғын алаптарына жеткізуді қарастырады.

Үшінші кезекте Ильинка, Шұбар, Өндіріс тұрғын алаптары газдандырылатын болады. Осы жылдың ІІ тоқсанында І кезектегі газ тарату желілерінің құрылысы басталады деп жоспарлануда. Қаржыландырудың бөлінуіне қарай Көктал-1,2, Теміржол және Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптары 2019-2023 жылдар аралығында газдандырылмақ.

Астананы газдандыру республикалық және жергілікті бюджет, сондай-ақ жеке инвестициялар қаражаты есебінен жүзеге асырылғалы отыр. Қаланы газдандыру шеңберінде Астана әкімдігінің құзыретіне газ тарату желілерінің құрылысы кіреді.

Жоғары қарай