Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Астананың төрт тұрғын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылады

2019 жылдың 14 наурыз 2019 23:26

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың төрт ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Спорт залдарынан басқа бұл жерлерде халыққа қызмет көрсету орталықтары, кітапханалар және полиция бөлімшелері бой көтереді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің жобалық-сметалық құжаттамасы Көктал-2, Ильинка, Өндіріс және Железнодорожный төрт тұрғын үй алаптарында құрылыс жүргізу үшін өнделіп жатыр. Құрылыс жұмыстары биыл басталмақ.

Жоба бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ішінде әмбебап спорт залдары, күрес және бокспен айналысатын залдар, ХҚКО-ның бөлімі, егде жастағы адамдардың қызығушылығы бойынша клубтар, медпункт және полиция бөлімшелері, кітапханалар, балалардың қысқа уақытқа қалатын бөлмелері, буфет және басқа да қосымша бөлмелер болады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бірінші қабатқа кедергісіз жету жолдары және екінші қабатқа мінуге арналған лифт, санитарлық тораптармен жабдықталады.

Мекеменің жалпы ауданы 2600 шаршы метр, жоспардағы көлемі 45,0х48,0 метр. Бір ауысымда кешенге келетін адамдардың максималды саны: 260 клиент, 36 қызметкер. Жобада энергияның альтернативті көзі ретінде гелиоқұрылғылы күн электр панелдері қарастырылған. Кешендер көлік қоятын орындармен қамтамасыз етіледі.

Астанада «Шетсіз қала» бағдарламасы жүзеге асуда, оның аясында қала әкімшілігі дамып келе жатқан аудандар мен тұрғын алаптарында өмір сапасын жақсарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан, Құрылыс,
Жоғары қарай