Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Атырау әуежайында болған оқиғаға қатысты тергеу аяқталды

2019 жылдың 31 наурыз 2019 18:27

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау халықаралық әуежайында полиция қызметкерінің атыс қаруынан байқаусызда әйел адамды аяғынан жарақаттауымен байланысты тергеу шаралары аяқталды.

Әйел адамды аяғынан атып алған полиция қызметкері ішкі істер қызметкерінің атына кір келтіргені үшін жұмыстан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сонымен қатар әуежайдағы желілік бөлім бастығы мен көліктегі полиция бөлімі бастығының екі орынбасары қызметтерінен кетті. Осы кезде бөлім бастығын жұмысынан босату мәселесі талқыланып жатыр. Қару қолдану ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-деп хабарлады ҚР ІІМ-нің Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Марат Әлкенов.

Айта кетейік, оқиға жұма күні шамамен сағат 16-30-дар кезінде Атырау қаласындағы халықаралық әуежайдың жолаушылар терминалында болды. Полицияның кезекшілікте тұрған қызметкері М.М. қару сақталатын бөлмеде ПМ тапаншасынан байқаусызда оқ атқан. Оқиға банктердің бірінің инкассация қызметінің қаруын тексеру барысында болған. Қарудан шыққан оқ әуежайдың залында тұрған жолаушы әйелдің аяғына тиген. Зардап шеккен әйел оқиға болысымен-ақ медициналық көмек көрсету үшін облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал оқиға орнына Атырау стансасының желілік полиция бөлімінің жедел тобы мен Атырау облыстық Полиция департаментінің өкілдері жетті.

«Мен ауруханадан енді ғана келдім. Жарақат алған адаммен кездестім. Оның жағдай қанағаттанарлық және операция жасалмайтын болды. Ол қарудың кездейсоқ жағдайда атылғанын түсініп отыр, сол себепті қатты наразылық білдіріп отырған жоқ. Ол ақылы палатаға көшірілді. Зардап шеккен адамды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мен өзге де шығындарды Көліктегі полиция департаменті өз мойнына алады. Біз жағдайды бақылап отырамыз, яғни алдағы уақытта қандай да бір зерттеулерге болмаса өзге де қажеттіліктер болатын болса шығынын өзіміз көтереміз»,- дейді М.Әлкенов.

Ол сонымен қатар, Атыраудағы оқиғадан соң әуежайлар мен теміржол вокзалдарындағы барлық арнайы бөлмелер тексерілетін болады. Олардың барлығы тиісті талаптарға сәйкестендіріледі.

Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай