Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Атырау әуежайындағы жағдайды ІІМ өзіндік қауіпсіздік қызметі тексереді

2019 жылдың 30 наурыз 2019 15:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау қаласының әуежайында болған жағдайды ІІМ өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері тексеретін болады. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, ағымдағы жылғы 29 наурызда Атырау қаласының әуежайында инкассатордың қызметтік қаруын тексеру кезінде полиция қызметкерінің қауіпсіздік шарасын бұзу фактісі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті оқиға болған жерге барып қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

Қылмыстық іс қозғалды. Тексеру нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлғалар әртүрлі тәртіптік және қылмыстық жауапқа қосымша тартылатын болады.

Басты сөздер: Оқиға, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай