Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Атырау мен Маңғыстауда полиция қамқорлық еткен қылмыстық топтар анықталды

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 20:17

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау мен Маңғыстау облыстарында полиция қызметкерлерінің қамқорлығымен жұмыс істеген қылмыстық топтар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш мәлімет Бас прокуратурада заңсыз аңшылыққа қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын әзірлеу мәселесі бойынша ведомствоаралық жиналысында мәлім етілді.
Жиынға Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер, Қаржы министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның жауапты өкілдері қатысқан.
Онда соңғы жылдары елімізде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар заңсыз аулауға қатысы оқиғалары жиілеп кеткені атап өтілді.
3 жылда осындай қылмыстық әрекеттердің салдарынан табиғатқа келтірілген залал 3,6 млрд теңге құрады.
Киіктерді атуға қатысты оқиға көбейіп кеткен. Тек 2016-2018 жылдардың өзінде 3 мыңға жуық киік атылған.
«Браконьерлердің қылмыстық әрекеті ұйымдасқан түрде және тұрақты сипат алуда.
Бұған Қарағанды облысындағы «Охотзоопром» РМК инспекторының қаза болуына байланысты оқиға дәлел», - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәлімеуінше, осыған ұқсас оқиғалар бекіре тұқымдас балықтарды аулауға байланысты да орын алып отыр.
«2018 жылы заңсыз айналымнан 8 мың келіге жуық бекіре алынды, алайда көбісі көлеңкеде қалып отыр», - делінген хабарламада.
Кеңесте құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының әрекеттері тиімсіз екені және заңсыз аң аулауға қарсы күресте кешенді шаралар әзірлеуді талап ететіні атап өтілді.
«Қызмет борышы бойынша жануарлар әлемін сақтауға міндетті уәкілетті және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыс жасау фактілері де белең алған.
Ағымдағы жылы Атырау мен Маңғыстау облыстарында балық инспекциясы мен полиция қызметкерлерінің қамқорлығымен жұмыс істеген қылмыстық топтардың әрекеттеріне тұзақ салынды», - делінген хабарламада.
Жиында табиғат қорғау инспекторларын қорғауды қамтамасыз ету және құқықтық мәртебесін бекіту мәселесі де қозғалды. Осыған орай қарастырылып отырған саладағы ахуалды жақсарту жөнінде бірқатар ұсынымдар әзірленді.
«Жиналыстың нәтижесі бойынша браконьерлердің әрекеттерінің жолын кесуге, биорестурстарды заңсыз сатып алуға, тасымалдауға және оның экспортына жол бермеуге бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді», - делінген хабарламада.

Жоғары қарай