Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 20:55

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетұлы өңір активіне жаңа орынбасары Ержан Әбілхановты таныстырды. Атап өтілгендей, ол Президенттік жастар кадр резервіне енген.

Ержан Әбілханов 1984 жылы туған. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Малайзия технологиялық университетінде білім алған. Аталған тағайындауға дейін ҚР Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры лауазымын атқарған.

Еске салайық, бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, сондай-ақ Атырау қаласының жаңа әкімі Қайрат Оразбаевты таныстырған болатын.


Жоғары қарай