Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Атырау облысы: Тұрғындар әкімдіктерге әлеуметтік желі арқылы шағымдана алады

2019 жылдың 11 наурыз 2019 17:04

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы барлық аудандық әкімдіктер халықпен байланыс орнату үшін Telegram мессенджерінде чат-канал ашты. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясындағы семинарында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Академияда әкімдердің трансформациялық ойлауының жаңа дағдысын қалыптастыру жөнінде бес күндік семинар басталды

Мемлекеттік басқару академиясы Атырау филиалы басшысының міндетін атқарушы Жаннат Нұртілеуованың айтуынша, Атырау қаласы мен аудандарының әкімдері 40 академиялық сағат лекция тыңдап, интерактивті сабақтарға қатысады.

Түрлі деңгейдегі әкімдердің алдында сөз сөйлеген облыс басшысы Нұрлан Ноғаев тұрғындармен өзара байланыстың тиімді технологиясын білудің және білім деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«Жергілікті атқарушы органдардың алдында мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша жауапты міндеттер тұр. Барлық жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс», - деді Нұрлан Ноғаев.

«Көп ақпарат әлеуметтік желілер арқылы таралады. Бұл бағытта жұмыстанып жатырмыз. Telegram желісінде чат-канал ашылды, мобильді қосымша қаладағы проблемаларды шешуге ықпал етуде, мемлекеттік органдардың басшылары әкімдіктің ресми парақшасы арқылы әлеуметтік желіде тікелей байланысқа шығады. Telegram-да барлық аудан әкімдіктері чат-канал ашты, сонда тұрғындар өздерін мазалаған мәселеге жауап алады. Бұл шағымдарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», - деді әкімдерге Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып, билік пен халық арасындағы байланысты жедел, тиімді ету бағытында жұмыстар жүргізу керек.




null

«Мемлекеттің қазіргі даму кезеңінде жергілікті жұртшылықпен байланыста болу, халықты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге жұмылдыру басым бағытқа ие. Мемлекеттік қызметші жай ғана орындаушы емес, ол стратегиялық ойлай білуі, бюджеттендіруді, жобалық менеджментті білуі, сараптама жасауы, қауіп-қатерді көре алуы керек», - деді облыс әкімі.

Аудандық әкімдіктердің чат-каналдары:

Жылыой ауданы - t.me/zhylyoi_akimat
Индер ауданы - t.me/akimatinder
Махамбет ауданы - t.me/mahambet_akimat_official
Исатай ауданы - t.me/akimat_isatay
Мақат ауданы - t.me/akimat_maqat
Қызылқоға ауданы - t.me/qyzylqoga_akimat
Құрманғазы ауданы - t.me/akimatkurmangazy




null

Жоғары қарай