Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Атырау облысында бес вагон рельстен шығып кетті

2020 жылдың 15 ақпан 2020 16:35

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бес вагон рельстен шығып кетті. Рельстен шыққан вагондардың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай Атырау облысының Индер ауданында орын алды. Гипсокартон мен құрғақ қоспа тиелген вагондар жеке иеліктегі теміржолмен жүріп келе жатқан. Ешкім зардап шеккен жоқ.

«Вагондардың неліктен рельстен шығып кеткенін облыстық көлік инспекциясы анықтап жатыр. Тексеріс аяқталған соң кінәлілерді әкімшілік жазаға тарту мәелесі шешіледі», - деп хабарлады Атырау облыстық көлік прокуратурасының өкілдері.

Авторы: Виктор Сутягин


Басты сөздер: Видео, Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай