Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Атырау облысында Мәжіліс депутаттары шалғай елді мекендерді аралады

2019 жылдың 2 мамыр 2019 16:33

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - ҚР Мәжіліс депутаттары Азғыр өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-сапардың басты мақсаты - Азғыр өңіріне газ тарту және оның жұмыс барысымен танысу.


null

Тұрғындармен кездесуге Парламент депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Абай Тасболатов, Тарас Хитуов, Сергей Симонов және Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов келді.

Өз сөзінде ҚР Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұxамбетов биыл мамыр айының соңына дейін 10 елді мекенге газ тартылатынын атап өтті.

«Бұл елді мекендегі ең үлкен жұмыс - газ жүргізу. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев осы үлкен жұмысты бітіргелі жатыр. Жаңа біз жұмыс барысының қалай жүріп жатқанын қарап өттік. Ұзындығы 365 км болатын газ құбыры салынып болды. Алдымыздағы мамыр айының аяғында іске қосылуы тиіс. Бұл жерге бір айдың көлемінде көгілдір отын жететін болады. Сонда 10 елді мекен газбен қамтылады. Бұның бәрі Елбасының туғызып отырған мүмкіндігінің арқасы», - деді мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов.


null

Сондай-ақ, депутат атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды қолдау және жалақы өсіру төңірегінде Елбасы қабылдаған тапсырмаларды халыққа таныстырып өтті.

Жиын соңында мәжіліс депутаттары тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, бұл жоба 8 мың тұрғыны бар 10 елді мекенді қамтиды. Азғыр аймағындағы газ құбырының жалпы ұзындығы 365,242 километрді құрайды.

Жоғары қарай