Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Атырауда 3 адамның өліміне себепкер болған автобус жүргізушісі сотталды

2019 жылдың 19 желтоқсан 2019 21:33

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында үш адамның өліміне әкеліп соқтырған жол апатының себепкері, 54 жастағы автобус жүргізушісі сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Резонанс туғызған атышулы жол апаты ақпан айында «Атырау – Орал» тасжолында болған. 54 жастағы жүргізуші тізгіндеген маршрутты автобус жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында үш адам мерт болды, 20-ға жуық адам жарақат алды. Оның ішінде жарысқа бара жатқан кішкентай балалар да бар болатын

«Сот отырысы кезінде жүргізушінің кінәсі толығымен дәлелденді. Сотталушы ұсынылған айғақ-дәлелдермен келісе отырып, өз кінәсін мойындады. Ол жәбірленуші тараптан кешірім сұрап, бас бостандығынан айырмауды өтінді. Сотталушының шын ниетпен өкінуі, тұрғылықты жерінен берілген жағымды мінездеме, әйелінің ауыр науқасқа шалдығуы мен бұрын сотталмағаны – осының бәрін сот қылмыстық жауапкершілікті жұмсартатын жағдай ретінде ескерді», - деп атап өтті облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен айыпкердің бас бостандығы 6 жылға шектелді. Сонымен қатар, ол көлік жүргізу құқығынан бес жылға айырылды.

Жоғары қарай