Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Атырауда «Арыс, біз біргеміз» акциясы аясында гуманитарлық көмек жиналды

2019 жылдың 25 маусым 2019 17:15 384

 АТЫРАУ.ҚазАқпарат - Атырауда 20 тонна гуманитарлық жүк жиналды. Оның ішіне  азық-түліктер, жеке гигиена құралдары және бірінші кезекте қажетті заттар кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Дина» сауда орталығы  директорының айтуынша, мұнайлы өңірден алғашқы гуманитарлық  жүк бүгін, 25 маусым күні аттанады. Көмекке  сауда орталығынан  жалға алып отырған 100-ден  астам кәсіпкер атсалысты.

"Атырау облысының әкімі  Нұрлан Ноғаев Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерді қолдауға және тұрғындарға көмек көрсетуге шақырды. "Арыс, біз біргеміз" атты жалпы қазақстандық акцияға қатысуға шешім қабылдадық. Осының арқасында 20 тонна қажетті жүк жиналды. Қазір біз барлық жүктерді тиеп жатырмыз.


null

Жақын арада гуманитарлық көмек жөнелтілетін болады.  Бұдан бөлек, БАҚ жариялаған банк шоттарына қаражаттарын аударуда",- дейді  «Дина» сауда орталығының директоры Нұрлан Тәуекел.



null

Айта  кетейік, 24 маусым күні таңертең Арыс қаласында әскери бөлімнің қоймасында жарылыс орын алған болатын. Қоймаларының бірінде өрт басталып,  артынша жарылысқа ұласқан. Барлық тұрғындар эвакуацияланып, жақын маңдағы  елді мекендерге жеткізілді.     

null                         

null 

null 

null                    

Жоғары қарай