Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Атырауда автобус жолақысы 160 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

2019 жылдың 23 ақпан 2019 14:10

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қоғамдық көлікте жол жүру құны 160 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылдың қазан айынан бері қалада электронды билеттендіру жүйесі енгізілген. Оның басты мақсаты - жолаушылардың қолма-қол ақша төлеуден бас тартуына ықпал етіп, тасымалдаушы компаниялардың табысын көпшілікке ашық әрі жария ету. Ақша электронды түрде төлеу сондай-ақ қоғамдық көліктегі жолаушылар ағынын есептеуге де мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қай бағыттарда автобус жетіспейтінін бақылап, анықтауға көмектеседі. Біз ол үшін валидаторлар орнаттық. Ақшаны электронды түрде төлейтін болсаңыз, жол ақысы сол баяғыдай 80 теңге күйінде қалады, ал қолма-қол төлегенде оның құны 160 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін», - деп мәлім етті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Атырау әкімдігі электронды билеттендіру жүйесіне тезірек көшу үшін автобуста сараланған тариф енгізу мәселесін қарастырып отыр. Жергілікті бюджет әрбір тасымалданған жолаушының жол ақысын субсидиялайды.


Автор: А. Соколов

Жоғары қарай