Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Атырауда айыппұлын төлемей жүрген 160 адамның көлігі тұраққа қойылды

2020 жылдың 13 ақпан 2020 03:32

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қарызы бар 160 көлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырауда «Борышкер» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Оған 250-ден астам полицей атсалысып, сот орындаушылармен бірге жұмыс істеуде. Шараның мақсаты – ішкі істер огандары салған әкімшілік айыппұлды өндіру тиімділігін арттыру. Төрт күн ішінде айыппұлын төлемей жүрген 160 адамның көлігі айып тұрағына қойылды. Оның ішінде 90-ы «Автоураган» кешенінің көмегімен әшкере болды. Айып тұрағындағы 100-ден астам көлік Ресейде тіркелген, тағы 40 көлік – Армениядан әкелінген», - деп мәлім етті облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік қозғалысы ережесін бұзған 700-ден астам адамға айыппұлды дер кезінде төлеу туралы ұйғарым таратылды. Оның ішінде ресейлік нөмір таққан 472 көлік болса, 214 көлік – армениялық, 32 көлік - қырғызстандық нөмірмен жүрген.


Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Көлік, Заң, Атырау облысы,
Жоғары қарай