Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Атырауда баланы ұрып-соққан тәрбиеші жұмыстан қуылды

2019 жылдың 19 маусым 2019 14:38

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда баланы ұрып-соққан балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды. Қала билігі әлеуметтік желіде тараған видео бойынша осындай шара қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалық білім бөлімі тәрбиешінің мұндай әрекеті үшін кешірім сұрайды әрі педагог этикасын өрескел бұзып, мектепке дейінгі білім мекемесінің тәрбиеленушілеріне қаталдық танытқан тәрбиеші жұмыстан босатылғанын хабарлайды. Қалалық білім бөлімі Атыраудағы барлық мектепке дейінгі білім мекемелерінің басшылары мен педагогтарына қызметтік міндеттемелерін адал атқару қажеттігін ескертеді. Мұндай әрекеттер үшін бірінші басшылар да жауапқа тартылып, тіпті лауазымынан босатылуы мүмкін», - деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.



Автор: А. Соколов

Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай