Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Атырауда бес қабатты тұрғын үйдегі өрт сөндірілді

2020 жылдың 15 ақпан 2020 20:43

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында бес қабатты тұрғын үйдегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«15 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 16:22-де «101» пультіне Махамбет көшесі №121 үйдегі бес қабатты үйдің өртенуі туралы ақпарат келіп түскен. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше үйдің шатырын түгелге жуық жалын шарпыған. Құтқарушылар 30 тұрғынды эвакуациялады», - делінген ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми хабарламасында.

Жергілікті уақытпен сағат 18:18-де 600 шаршы метр аумақты шарпыған өрт тоқтатылды. Ал 18:28-де толық сөндірілді.

«Өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және облыстық ТЖ департаментінің 8 техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері үй аумағын қоршауға алды. Тұрғын үйдің шатыры түгел жанып кетті», - делінген комитет хабарламасында.


Жоғары қарай