Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Атырауда халық санағын жүргізуге 1 мыңға жуық адам тартылады

2020 жылдың 18 ақпан 2020 22:34

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ұлттық халық санағын жүргізу үшін 1 068 адам жұмыспен қамтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауға арнайы келген Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, ұлттық халық санағы кезінде 1 068 адам жұмыспен қамтылғалы отыр.

«Биылғы санақтың бір ерекшелігі қағаз, қалам болмайды. Барлығы электронды түрде өтеді. Бұл үшін 27 мың планшет сатып алынды. Сондай-ақ, санақшының көмегінсіз арнайы сайтта өз бетімен мәлімет толтыруға болады», - деді Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов.

Қазір Атырау облысында 645 мыңнан астам тұрғын бар.

Авторы Жолдасбек Көшербайұлы


Басты сөздер: Атырау облысы,
Жоғары қарай