Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

Атырауда кішкентай қыздарды зорлады деген күдікпен үш адам ұсталды

2019 жылдың 25 тамыз 2019 20:44

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікпен үш азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 3-1 бөлімі, 1-тармағы бойынша соталды тергеуді бастап кетті. Олар кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікке ілініп отыр. 1984, 1985 және 1999 жылы туған үш жігіт қамауға алынды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс облыс прокурорының жіті назарында», - деп атап өтті облыс прокуроры аға көмекшісінің міндетін атқарушы Дәулет Аймағамбетов.

Тергеу барысында зорлыққа ұшырағандар саны кем дегенде екеу екені белгілі болды.

Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай