Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Атырауда қонақ үйдегі өртте оралдық жас спортшылар құтқарылды

2019 жылдың 16 маусым 2019 12:53

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Орал қаласынан жарысқа келген жас спортшылар Атырау қонақүйінде болған өрттен құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«16 маусым күні сағат 01:19-де Атырау қаласының «101» желісіне М.Әуезов көшесіндегі «Райхан» қонақүйі өртеніп жатқаны туралы хабарланған. Өрт ғимараттың астыңғы қабатында орналасқан саунадан шыққан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 3 баланы құтқарып, 31 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді, олардың 29-ы бала. Құтқарылған және қауіпсіз аймаққа көшірілген балалар Орал қаласынан жарысқа келген», - делінген хабарламада.

9 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 02:33-те сөндірілді. Оқсы оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 26 адам және Атырау облысы ТЖ департаментінен 5 техника жұмылдырылды.

Жоғары қарай