Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Атырауда коронавирус жұқтырған науқастарды тексерген 4 медқызметкер оқшауланды

2020 жылдың 28 наурыз 2020 01:33

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда COVID-19 індетін жұқтырғандарды тексерген 4 медицина қызметкері оқшауланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, №2 емханадан – 2, №3 емхананың - 2 медқызметкері оқшауланған. Қызметкерлер тексерістен өткен. Олардың нәтижесі 6 сағаттан кейін белгілі болады.

«Барлық қалалық емхана қалыпты режимде жұмыс істеуде. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы емханалардың карантинге жабылуы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, жалған ақпарат таратушылардың барлығы әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ресми түрде мәлімдейді» -деп хабарлады басқармадан.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 150-ге жетті. Соның үшеуі - Атырау облысында тіркелген.


Жоғары қарай