Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Атырауда «Лексус» жүргіншілер жолағында әйел адамды қағып кетті

2019 жылдың 30 наурыз 2019 23:30

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйел адамды «Лексус» маркалы жол талғамайтын көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Облыстық Полиция департаменті оқиғаны растады. Сондай-ақ, қазіргі сәтте әйелдің облыстық ауруханада ем алып жатқанын хабарлады.

Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, әйелді қаққан жүргізуші - 24 жастағы жігіт.

Автор: А. Соколов.

Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Атырау облысы, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай