Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Атырауда Марфуға Айтқожинаның шығармашылық кеші өтті

2019 жылдың 20 қазан 2019 17:31

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марфуға Айтқожинаның «Аққу - ақын» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, ақынның шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді.







«Өңірімізде »Рухани жаңғыру« бағдарламасы аясында ақын-жазушылардың шығармашылық кештері өтіп келеді. Бүгінде сол үрдіс жалғасын тауып, Марфуға Айтқожинаның кеші өтуде. Марфуға апамыздың өлеңдері әр оқырманның жүрегінен орын таба білді. Сіздің әр өлеңіңізде салмақтылық, терең мағына бар. Сіздің қазақ жұртына арнайтын өлеңдеріңіз әлі де шығатынына сенімдімін. Қаламыңыз мұқалмасын! Бүгінгі кешіңіз құтты болсын», - деді Нұрлан Ноғаев. Жыр кешінде сахнадан ақынның өлеңдері оқылып, Атырау қаласының тұрғындарына арнап жазған «Қалайсыңдар, бауырлар» атты әні орындалды. Сонымен бірге, ақынның сөзі жазылған басқа да әндер шырқалды. «Бүгінгі шығармашылық кешті ұйымдастырып отырған Атырау облысының әкімдігіне алғысымды білдіремін. Атырау өңірінде өз шығармашылық кешімді алғаш өткізіп тұрмын. Кешті тамашалауға келген әрбір көрерменге, бүкіл Атырау жұртына алғысым шексіз», - деді Марфуға Айтқожина.
















Жоғары қарай