Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Атырауда массаж жасауға келіп, ұрлыққа түскен адам ұсталды

2020 жылдың 28 наурыз 2020 09:01

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау тұрғыны массаж жасауға келіп, клиетінің ақшасы мен алтын бұйымдарын тонаған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырауда тәртіп сақшылары Құрманғазы ауданының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстаған.

«Жуырда Атырау қалалық полиция басқармасына қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің ұрлық жасағанына шағымданған. Күдікті арызданушының үйіне массаж жасауға келіп, ақшасы мен алтын бұйымдарын ұрлаған. Келтірілген залалдың көлемі 800 000 теңгені құрады» -деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай