Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа автобустағы пандусты сынақтан өткізді

2019 жылдың 20 наурыз 2019 22:36 917

АТЫРАУ.  ҚазАқпарат - Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс алаңында жаңа жолаушылар көлігін пайдалануға беру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық  әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Наурыз  мейрамы қарсаңында Семей қаласы өндіретін 30 жаңа автобус пайдалануға берілді. Қоғамдық көлік «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен сатып алынды.

"Бүгінгі таңда  «Теңізшевройл» ЖШС «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өндірушісімен 50 «ANKAI» маркалы автобустарын сатып алу жөнінде  келісім жасасты. Сонымен қатар,  «Теңізшевройл» ЖШС мен Атырау облысының әкімдігі арасында жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін автобустарды тегін беру туралы келісім жасалды. Қазіргі таңда 30 автобус жеткізілді, ағымдағы жылдың сәуір айында тағы 20 көлік бірлігін жеткізу жоспарлануда", дейді  ӘКК «Атырау» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Амантай Айтбаев.

Амантай Айтбаевтың айтуынша, «ANKAI» автобусы «Akzhayik Avtopark» ЖШС құрған  автотұрақ  балансына беріледі, олар  мүмкіндігі шектеулі жандарға  арналған пандустардың және сандық тақтаның  болуына байланысты  орталық қалалық бағыттарға жіберіледі.


Бүгінгінде  Daewoo автобустарына «Аtyrau-Аvtopark» автотұрағы қалған қалалық бағыттар бойынша жұмыс істейтін болады.


"Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасы бойынша Атырауда қоғамдық көлікті дамыту тұжырымдамасы сәтті жүзеге асырылуда. Жоба аясында 91 жаңа автобус сатып алынды, ал өткен жылдың қазанында қоғамдық көлікте электронды билеттер жүйесі енгізілді. Осылайша, бүгін Атырауда шамамен 30 маршрут бар, оның ішінде 190 автобус жүреді. Электрондық билеттерді сату жүйесі 12 маршрут бойынша жүзеге асырылды, оның ішінде 130 автобус жұмыс істейді",-  дейді  Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы.

Пандустары  бар жаңа автобустарды мүмкіндігі шектеулі жандар   сынақтан өткізді. Олардан  өз бетімен көтеріліп , түсуін сұрады.

"Атырау үшін бұл шынымен жаңашылдық. Біз Атырау қаласының  әкіміне бірнеше рет мүмкіндігі шектеулі жандар   үшін қоғамдық көліктегі  қол жетімділікті құру қажеттілігі туралы бірнеше рет өтініш білдірдік. Біз мәселенің  бірте-бірте шешіліп жатырғанына өте ризамыз. Автобустар мүгедектерге толығымен бейімделген", - дейді арбаға таңылған қыз Жанар Дәулет.


Айта кетейік, Атырау облысы  әкімінің тапсырмасы бойынша облыста қоғамдық көлікті дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде қоғамдық көлік жаңартылды, өткен жылдың қазанынан бастап электронды билет жүйесі енгізілді. Жолаушылар тасымалы саласында қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында екі жаңа автотұрақ  құрылды, қоғамдық көліктегі бұзушылықтардың алдын алу үшін Бақылау және аудит қызметі жұмыс істейді.                                     

 

 

Жоғары қарай